сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 21:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 1000-ға жуық мектеп заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталды

Қазақстанда 1000-ға жуық мектеп заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталды
Фото: gov.kz
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ел президентінің тапсырмасымен шағын қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдық елді мекендердегі мектептерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2024 жылдың қорытындысы бойынша 967 мектепке 1621 заманауи пәндік кабинет орнатылды. Олардың ішінде робототехника, химия, биология, физика және STEM-пәндеріне арналған зертханалар бар. Жаңартылған мектептердің 601-і ауылдық жерде, 366-сы қалада орналасқан, бұл шамамен 760 мың оқушының сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Алдағы жоспар бойынша 2029 жылға дейін елде кемінде 7000 пәндік кабинет ашу көзделген.

«Мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөледі. 2023 жылдан бастап 2039 мектепте 3128 заманауи пәндік кабинет жабдықталды», — дейді  Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директорының орынбасары Роза Сембаева.

Бұдан бөлек, елде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің саны артып келеді. Қазіргі уақытта 1080 қолдау кабинеті жұмыс істесе, оның 216-сы 2024 жылы ашылды. 2025 жылдың соңына дейін тағы 83 кабинет іске қосылып, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін қолжетімді және қолайлы оқу ортасы жасалады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар