Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 41 жаңа зауыт салынады
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 11:04
- 102
Қазақстанда экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықтарды тиімді басқару мақсатында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу үшін 41 зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазіргі уақытта Экология және табиғи ресурстар министрлігі қарауында 307 миллиард теңге көлемінде 65 жоба бар, олардың 41-і қоқысты қайта өңдеуге бағытталған. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, ал жеке инвестициялар көлемі 54,6 миллиард теңгеге жетеді.
Бұл бастама қалдықтарды қайта өңдеудің тиімділігі мен экологиялық таза шешімдердің дамуына үлкен үлес қосып, Қазақстанның жасыл экономикаға көшу процесін жеделдетеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз