сәрсенбі, 9 сәуір, 2025 15:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу тренді күшейіп келеді

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу тренді күшейіп келеді
Фото: ЖИ
Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтін халықтың саны бір жылда 18,6%-ға артып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында 46,7 мың адамға жетті

Алдыңғы жылы бұл өсім 5,4% болған еді. Дегенмен, жалпы жұмыс істейтін халықтың ішінде қашықтан еңбек ететіндердің үлесі әлі де аз: бір жыл ішінде ол 0,44%-дан 0,51%-ға ғана көтерілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Ranking.kz сілтеме жасап.

Қашықтан жұмыс істейтіндердің саны артқан сайын, жұмыс берушілердің оларды байланыс құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі де өсіп келеді. Бір жыл ішінде мұндай қамсыздандыру 3,8%-дан 13,7%-ға дейін ұлғайды. Яғни, бұған дейін 1,5 мың адам ғана жұмыс берушінің есебінен жабдықталса, қазір олардың саны 6,4 мыңға жетті.

Өңірлер бойынша 2024 жылдың төртінші тоқсанында қашықтан жұмыс істейтіндердің ең көп шоғырланған жері – Ақтөбе облысы. Мұнда 11,3 мың адам қашықтан жұмыс істеген, бұл өңірдегі жалпы жұмыс істейтін халықтың 2,46%-ын құрайды. Келесі орында Жетісу облысы (7 мың адам немесе 2,33%) және Маңғыстау облысы (6,6 мың адам немесе 1,89%).

Ал Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында ресми деректерге сәйкес, қашықтан жұмыс істейтіндер мүлде тіркелмеген.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар