сейсенбі, 8 сәуір, 2025 15:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталды

Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталды
Фото: instagram.com/01pk/
Жуырда сот басталады

«Biz Birgemiz Kazakhstan» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  orda.kz сілтеме жасап.

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды. Іс бойынша шығын 3,5 миллиард теңге болды. Ол үйқамақта отыр. Оның анасын да соттағалы жатыр. Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. 

«Іс бойынша бір ғана сотталушы емес. Одан бөлек анасы бар. Ол кісі үйқамақта отыр. Екеуі де күдікті ретінде танылды. Анасының үстінен «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Сонымен қатар ақша жинап, қалтаға басты деген айып тағылды. Ол қызына көмектесіп, түскен ақшаны өз шотына аударып отырған», - дейді Елемесов. 

Еске салайық, Перизат Қайрат су тасқыны кезіндегі қаражатты және Палестина халқына гуманитарлық көмекке жиналған 200 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлады деген күдікке ілінген.

Осы жағдайдан кейін  Перизат Қайрат үстел теннисі федерациясы президенті қызметінен босатылды. Кейін белсендінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін заңсыз 22 миллиондай пайда тапқаны анықталды. 

Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау», «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүліктерді, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдерін үкімет тәркіледі.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар