дүйсенбі, 28 сәуір, 2025 2:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ғашықтар күні қарсаңында қанша жұп некесін қидырды

Қазақстанда ғашықтар күні қарсаңында қанша жұп некесін қидырды
Ашық дереккөз
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді

Қазақстанда 15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні, яғни Ғашықтар күнінде 500-ден астам жұп заңды некеге отырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Осы күні АХАЖ бөлімдеріне неке қию туралы 500-ден астам өтініш түсті. Некеге тұру саны бойынша көш бастаған өңірлер – Алматы қаласы, Астана және Түркістан облысы», – делінген хабарламада.

Жалпы, биылғы жылдың бірінші тоқсанында ел бойынша 23 мыңға жуық неке тіркелген.

Қазақстанда неке қиюға өтініш беру АХАЖ бөлімдері арқылы, электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы жүзеге асырылады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралып, 15 күннен кейін өтініш беруші таңдаған АХАЖ бөлімінде неке қию рәсімі өтеді. Егер рәсім белгіленген күн демалысқа немесе мерекеге түссе, ол келесі жұмыс күніне шегеріледі.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар