Жаңалықтар
Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасыларына өтемақы төленеді – депутат
- авторБақытжан Бекболат
- 16 сәуір, 2025
- 471

Қазақстанда ішкі істер саласына бірқатар маңызды өзгерістер енгізілуде
Мәжіліс қарауындағы жаңа заң жобасына сәйкес, енді қызмет бабында көз жұмған полицейлердің отбасыларына өтемақы төленетін болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі жойылып, оның орнына құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармалары құрылмақ. Жобада әкімшілік қамауға алынған азаматтарды арнайы қабылдау-бөлу орындарында ұстауға рұқсат беру де қарастырылған.
Бұл өзгерістер ішкі істер органдарының қызметін жеңілдету, артық заңнамалық нормаларды қысқарту мақсатында қолға алынған.
Жаңашылдықтар туралы Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясының мүшесі және жұмыс тобының жетекшісі Жарқынбек Амантайұлы мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ер адам 100 келіден астам марихуанамен ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қыркүйек, 2025