Al Jazeera телеарнасының Қазақстандағы тілшілер қосыны ашылады
- авторБақытжан Бекболат
- 16 сәуір, 2025
- 168

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Орталық Азия медиафорумының алдында Қытайдың CGTN медиакорпорациясы мен халықаралық Al Jazeera телеарнасының басшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«CGTN-нің бас редакторының орынбасары Дин Юньмен медиасаладағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық. Әсіресе Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынастар мен стратегиялық серіктестіктің дамуын кеңінен насихаттау мәселелері сөз болды. Екі елдің мәдени алмасуын күшейту мақсатында бірлескен тележоба жасауды ұсындық», – деді Руслан Желдібай.
Сондай-ақ, Al Jazeera медиамектебінің директоры Имам әл-Амри және Al Jazeera English арнасының атқарушы директоры Исса Алимен кездесу барысында журналистер мен медиа саласының мамандарын бірлесіп оқыту, Қазақстанның тарихы, табиғаты мен даму бағыты жайлы деректі сериалдар жасау мәселелері көтерілді.
«Еске сала кетейін, былтыр Мемлекет басшысының Катарға жасаған ресми сапары кезінде Президент телерадиокешені мен Al Jazeera арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылған еді. Сол жолғы уағдаластықтардың бірі – Қазақстанда Al Jazeera телеарнасының тілшілер қосынын ашу болатын. Бұл қадам елімізде және тұтас Орталық Азияда болып жатқан оқиғаларды халықаралық аудиторияға шынайы әрі сапалы жеткізуге мүмкіндік береді деп санаймын», – деді Президенттің баспасөз хатшысы.
Қазақстанда адвокаттардың жаңа мантиясы бекітілді
Ұқсас жаңалықтар
Ирандағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 1139-ға жетті
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 27 сәуір, 2025