жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда баспана бағасы арзандауы мүмкін

Қазақстанда баспана бағасы арзандауы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстанда баспана бағасы арзандауы мүмкін
  Қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру қажет, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.   Бір айдың ішінде мыңдаған қазақстандықтар зейнетақы ақшасының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына байланысты баспана мәселесін шешті. Адамдар ипотекасын төлеп, несие көлемін қысқартты. Бұл - әділетті қоғам құрудың бір жолы. Көпшілікті қуантқан шешім ҰКСК-да қолдауға ие болған еді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның айтуынша, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 11,2% -ға артқан, бірақ тұрғын үйлердің 40%-ы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пайдалануға берілген. Баспаналардың көпшілігі өте қымбат. Қазір құрылыс компаниялары арзан тұрғын үй сала алмай отыр. Осыған байланысты, қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін құрылыс компанияларымен сатудың офтейк шартын жасау қажет. Сонда баспана "Нұрлы жер" бағдарламасының бағасымен сатып алынады. Бұрын мұндай құрал сынақ жоба ретінде енгізілсе, енді оны бүкіл ел бойынша кеңкөлемді масштабта қолдану қажет. Бұл қолжетімді бағамен қысқа мерзімде тұрғын үй салуға мүмкіндік береді, - деді Қазақстан Президенті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар