Жаңалықтар
Президент аудан әкімдерін сайлауды 2024 жылы өткізуді ұсынды
- авторjambylinfo.kz
- 25 ақпан, 2021
- 228
Президент аудан әкімдерін сайлауды 2024 жылы өткізуді ұсынды
Аудан әкімдерінің тікелей сайлауын 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
«Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу – халық билігін ортанудың айқын көрінісі болмақ. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдарға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала