Жаңалықтар
Қазақстанда Құрбан айтқа байланысты мектеп емтихандарының мерзімі өзгереді
- авторjambylinfo.kz
- 18 наурыз, 2025
- 210

Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітірушілердің қорытынды аттестациясын өткізу мерзімін өзгертетінін хабарлады. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрықта көрсетілген.
Министрліктің мәліметінше, биыл 6 маусым Құрбан айттың алғашқы күнімен сәйкес келгендіктен, ол ресми демалыс болып саналады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Өзгерістер оқушыларға қосымша кеңес алуға мүмкіндік беру және емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляцияға жүгіну үшін жасалып отыр", – делінген құжатта.
Осыған байланысты, жалпы аттестация мерзімі бір күнге ұзартылып, кейбір емтихандар жоспарланған уақытынан бір күн кеш өткізіледі.
Бұл өзгерістерді қарастыру үшін құжат қоғамдық кеңестерге, "Атамекен" ҰКП және басқа да ұйымдарға жолданады.
Бұйрықтың жобасы 7 сәуірге дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз