Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті Наурыз мерекесімен құттықтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 наурыз, 2025
- 343

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.
Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.
Келесі мақала
Елімізде өсімдік майы өндірісі 26 пайызға артты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Starlink интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 маусым, 2025