Жаңалықтар
Қазақстанда тақтатас мұнайы өндіріле бастайды - Премьер-министр
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 қаңтар, 2025
- 1.0k
Бұл жөнінде Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов айтты
Қазақстанда тақтатас мұнайы өндіріле бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олжас Бектеновтың сөзінше, биыл елімізде алғашқы қазақстандық тақтатас мұнайы өндіріледі деп күтілуде.
«Қара алтынға» деген жоғары сұранысты ескере отырып, бұл жобаны іске асыру айтарлықтай коммерциялық әлеуетке ие. Оны өндіру мұнай-газ саласына инвестициялар тарту үшін қосымша серпін береді" - деді Үкімет басшысы.






