Жаңалықтар
Бектенов Қазақстанда 80 су құбыры жаңартылып, су үнемдеу технологияларын пайдалану артқанын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 28 қаңтар, 2025
- 274

Бұл туралы Премьер -министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады
Премьер-министр Олжас Бектенов су ресурстарын тиімді пайдалану және Қазақстан ауыл шаруашылығының орнықты дамуын қолдау жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, егіншілер суармалы сумен толық көлемде қамтамасыз етілген.
"Арал теңізіне 2,6 млрд текше метр су жіберілді. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір жоғары. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асатын 80 су арнасын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Су үнемдеу технологияларымен қамтылған егіс алқабы 1,5 есе артып, 470 мың гектарды құрады",- деді Үкімет басшысы өз баяндамасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз