жұма, 27 желтоқсан, 2024 2:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда такси құны 45 мың теңге болды

Қазақстанда такси құны 45 мың теңге болды
ашық дереккөзі
Қазақстанда такси құны 45 мың теңге болды
Астанада шетелдік азаматты алдаған такси жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Жамбылинфо Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Ол Үндістан азаматын 45 мың теңгеге жеткізген.

22 қарашада 102 арнасына "Дипломат" қонақ үйінің әкімшісінен хабарлама келіп түсті. Ол такси жүргізушісінің Үндістан азаматынан оны Астана әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алғанын хабарлады. Іздеу іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген. Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді. Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу), 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар