жұма, 27 желтоқсан, 2024 18:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бет терісін әжімнің шығуынан қорғайтын 8 лайфхак

Бет терісін әжімнің шығуынан қорғайтын 8 лайфхак
ашық дереккөзі
Бет терісін әжімнің шығуынан қорғайтын 8 лайфхак
Жас теріні сақтап қалудың құпиясы тек генетикада емес, сонымен қатар оған жасалған дұрыс күтімде. Күтімді жасөспірім кезден бастаған дұрыс. Бет терісін күнделікті тазартып, ылғандандырып және күннен қорғайтын құралдарды қолдану керек. Косметолог Елена Линева бет терісін әжімнің шығуынан қорғайтын лайфхак ұсынды, - деп хабарлайды Жамбыл Инфо, Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Косметологияда теріні жас ұстауға көмектесетін көптеген әдіс бар. Олар үш топқа бөлінеді: табиғи, инъекциялық және аппараттық әдістер. Ал егер теріңіздің жас күйін косметологтың көмегінсіз сақтап қалғыңыз келсе, сізге көмектесетін лайфхактар: Сапалы және тұрақты күтім. Күтім жүйесін косметолог терінің түрі мен жағдайына қарап ұсынуы керек; Бет және дене массаждары. Біздің бетімізде кездесетін мәселенің себебі арқа, жамбас, аяқ болуы мүмкін. Сондықтан бетке ғана күтім жасап қоймай, денені де ұмытпау керек; Спортпен шұғылдану. Дене белсенділігі бұлшықеттерді нығайтуға, әдемі қалыппен қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар терінің жастығын ұзартуға мүмкіндік береді; Салауатты ұйқы. Күннің дұрыс режимі теріні қалпына келтіреді және әжім санын азайтады; Дұрыс тамақтану. Ақуыз, май мен көмірсудың тепе-теңдігін ұмытпай, әр түрлі тамақтаныңыз. Ең дұрысы, диетологтың кеңесі қажет, ол талдау нәтижелеріне сүйеніп, ағзадағы жетіспеушіліктерді, сондай-ақ басқа да мәселені анықтап, оларды уақытында түзете алады; Бет терісін күннен қорғау. Ультракүлгін сәулелерден қорғау үшін әрқашан SPF бар күннен қорғайтын құралдарды пайдаланыңыз; 30 жастан кейін ретинол қолданыңыз. Үйде жасайтын күтіміңізге ретинол сарысуларын қосыңыз; Стрессті азайту. Стресс терінің жағдайын нашарлатуы мүмкін, сондықтан уайымсыз жүруге тырысыңыз, медитация жасаңыз. Өзіңізді қаншалық жақсы сезінсеңіз, соғұрлым әдемі көрінетін боласыз! Айта кетейік, бұған дейін әжіммен күресу кезінде ботоксті немен алмастыруға болатыны хабарланған болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар