сенбі, 22 наурыз, 2025 1:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда тростық тосқауылдар сынақтан өткізілуде

Қазақстанда тростық тосқауылдар сынақтан өткізілуде
Фото: Көлік министрлігі
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды» тас жолының қар басу қаупі жоғары учаскесінде тростық қоршаулардың тиімділігі тексерілді. Бұл – Көлік министрлігі мен ғалымдардың бірлескен жобасы, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Теміртау қаласына жақын орналасқан ұзындығы 500 метрлік тәжірибелік-эксперименттік учаскеде жүргізілген сынақ сәтті аяқталды.
Жол бойындағы бөлу жолағы мен жолдың оң жақ жиегіне орнатылған бұл қоршаулар боран кезінде жоғары тиімділігін көрсетті. Тростық тосқауылдар дәстүрлі металл кедергілерден әлдеқайда тиімді, себебі қарды бөгемей, тростар арқылы еркін өткізуге мүмкіндік береді. Бұл қардың жолақтар мен жол жиектерінде жиналуын болдырмай, жолдарды механикалық тазалау шығындарын азайтады. Осы себепті мұндай қоршаулар АҚШ, Жапония және Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.
Жобаны ҚазжолҒЗИ мамандары ғылыми-техникалық тұрғыдан басқарып отыр. Алдағы екі жылда мамандар түрлі ауа райы жағдайында тростық қоршаулардың тиімділігін бақыламақ. Егер тәжірибе оң нәтиже берсе, мұндай тосқауылдар қар басу қаупі жоғары жол учаскелерінде дәстүрлі металл қоршауларға балама ретінде қолданылатын болады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар