дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 10:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандағы мұғалімдердің орташа жалақысы белгілі болды

Қазақстандағы мұғалімдердің орташа жалақысы белгілі болды
Ашық дереккөз
2024 жылдың қорытындысы бойынша, еліміздегі мұғалімдердің орташа айлығы 1 мөлшерлеме (16 сағат) үшін 352 мың теңгені, ал ауылдық мектеп ұстаздары үшін 435 мың теңгені құрады

Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, педагогтердің жартысына жуығы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс істеп, орташа 581 мың теңге еңбекақы алады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сәйкес, еліміздегі 8 мыңға жуық мектепте 400 мыңнан астам педагог қызмет атқарады. Олардың 300 мыңы біліктілік санатына қарай үстемеақы алады.

Мұғалімдердің жалақысы 2020 жылдан бері екі есеге өсіп, 2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мамандарға 30-35% көлемінде үстемеақы қарастырылған.

Педагогтердің біліктілігіне байланысты келесі үстемеақылар төленеді:
Педагог-шебер – 50%
Педагог-зерттеуші – 40%
Педагог-сарапшы – 35%
Педагог-модератор – 30%

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар