сенбі, 4 мамыр, 2024 5:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қазақстандағы су тасқыны: Өңірлердегі жағдай қандай?

Қазақстандағы су тасқыны: Өңірлердегі жағдай қандай?
Фото:ТЖМ
Елімізде су тасқынын жою, авариялық құтқару жұмыстары жалғасуда.
Осы сағатта 21 494 адам өз үйлеріне оралды. 8 786 адам, оның ішінде 3 814 бала эвакуациялау пункттерінде. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Министрліктің мәліметінше, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайы тұрақталуына байланысты су тасқыны қауіпті өңірлерге жұмылдырылған ТЖМ  күштері мен құралдары өз өңірлеріне оралуда. 
 
Ресей Федерациясы жағынан Жайық және Есіл өзендерінің арналарында судың көтерілу болжамына байланысты Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ерекше бақылауда тұр. 
 
"4 534 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,7 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді", -деп жазылған ведомствоның хабарламасында. 
 
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 862 жеке тұрғын үй, 1 065 аула аумағы су астында қалған. 
 
Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 5 029 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген.
 
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 31 942 адам,  4 593 техника, 797 су сору құралы, 325 жүзу құралы,14 әуе кемесі жұмылдырылды.
 
 
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар