Smartnews.kz-тің жазуынша, instagram желісінде Мейрамбек Бесбаевтың ерекше сұқбатының үзіндісі тараған.
Онда әнші өзіне қойылған қысқа сұрақтарға жауап беріп жатқанын көруге болады. Жүргізуші өнер иесіне түрлі қызықты сауалдар жолдап, әншіге және оның өміріне қатысты бірқатар жайтты білді. Бесбаев сұқбат барысында біреудің жүрегін жаралағанын айтып қалды.
"Бұл қиын сұрақ екен. Мен жүрегін жараладым деп ойлаймын", - деді әнші.
Сонымен қатар әртіс Мадина Сәдуақасова мен Ерке Есмаханның қайсы мықтырақ екеніне жауап бере алмады. Эстрада жұлдызы қос арудың да өнерін қатты бағалайтынын жеткізді.
Сондай-ақ өнер иесіне "ақша немесе уақыт" деген сұрақ қойылды. Әнші еш кідірместен уақытты таңдайтынын айтты.
Мейрамбек Бесбаев Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбіловті де бөліп-жара алмайтынын жеткізді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қазақстандағы су тасқыны: Өңірлердегі жағдай қандай?
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024