жексенбі, 23 маусым, 2024 6:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тазалық - денсаулық кепілі

Тазалық - денсаулық кепілі
Байзақтықтар белсенділік танытты

Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы өтті. 

Бұл күні Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта аудан ардагерлері мен әкім аппаратының ұжымы бастаған бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлері мен аудан жастары білек сыбана кірісіп, сенбілік жұмыстарына атсалысты. 

Ескерткіш қалыпқа келтіріп, саябақ іші мен аумағы қоқыстардан тазартылды. Жүзге тарта адам қатысқан шара барысында саябақтағы скверлер мен орындықтар сырланып, ағаш бұтақтары кесіліп, шөптері шабылды.

Сондай-ақ Талас» өзені жағасында да тазалық жұмыстары жүргізді.

Өзен жағалауы ретке келтіріліп, ондағы қоқыстар шығарылды. 

Сенбілікке облыс әкімінің орынбасары Тамабек Әбілхайыр, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, сала орынбасары Дулат Жақыпбеков, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, ішкі саясат, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппараты, Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығы, аудандық тарихи-өлкетану музейі, редакция ұжымы мен мемлекеттік қызметшілердің "Руханият"  волонтерлік қозғалысы қатысқанын айта кетейік. 

Еске салайық, жалпы аудан көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері барлық елді мекендерде 1 наурызда басталған. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар