Қазақстанда қысқы кезеңге 13,8 млн тонна мал азығы дайындалды
- авторАрайлы Жақсылық
- 27 шілде, 2025
- 738
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, сүрлем дайындау жұмыстары да жалғасуда: бүгінде 1 млн тоннадан астам сүрлем дайындалған, бұл көрсеткіш жоспардың 59,9 пайызына тең.
Республикалық жоспарға сай, алдағы маусымға жалпы:
– 24,5 млн тонна шөп,
– 1,7 млн тонна сүрлем,
– 4,6 млн тонна сабан,
– 5,5 млн тонна құрама жем,
– 2 млн тонна силос дайындалуы тиіс.
2025 жылы мал азығына арналған дақылдар 3,3 млн гектар алқапқа егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 127,9 мың гектарға көп.
Қазіргі жинау қарқыны мал басын қыс мезгілінде аман сақтауға, мал шаруашылығы өнімі бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге және жануарларды толыққанды азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мал азығын дайындау барысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның салалық құрылымдарының тұрақты бақылауында.
Астанада теннистен Президент кубогы өтеді
Ұқсас жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





