Турнир аясында ATP Challenger Tour мен ITF World Tennis Tour жарыстары ұйымдастырылады. Биыл бұл дода 18-рет өткізілмек.
Президент кубогында Қазақстанның атынан Григорий Ломакин, Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай, Аружан Сағындықова, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева сынды спортшылар ел намысын қорғайды.
Президент кубогы – халықаралық аренада танымал теннисшілердің қатысуымен ерекшеленетін беделді турнир. Бұған дейін бұл алаңда Даниил Медведев, Андрей Рублев, Карен Хачанов, Себастьян Корда, Роман Сафиулин, Миомир Кецманович секілді әлемдік деңгейдегі спортшылар өнер көрсеткен.
Қазақстан теннис федерациясы аталған жарысты 1991 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Ал 2007 жылдан бастап турнирге халықаралық мәртебе берілген. Осы уақыт аралығында жарыста қазақстандық Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, германиялық Райнер Шуттлер, «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпаздары – хорват Иван Додиг пен қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер жеңімпаз атанды.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






