сенбі, 22 наурыз, 2025 5:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық арнайы жасақ Дубайдағы SWAT Challenge жарысында үздік үштікке кірді

Қазақстандық арнайы жасақ Дубайдағы SWAT Challenge жарысында үздік үштікке кірді
Фото: uaeswatchallenge.com
Әлемнің 80 елінен 100-ден астам арнайы жасақ бөлімшесі қатысқан бұл жарыста қазақстандық сарбаздар жоғары нәтиже көрсетті

Дубай қаласында өткен халықаралық SWAT Challenge 2025 сайысы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" арнайы жасағы барлық кезеңде үздік өнер көрсетіп, жалпы есепте күміс жүлдеге ие болды. Команда алғашқы және үшінші кезеңдерде бірінші орын иеленіп, жарысты екі алтын медальмен аяқтады.

Сонымен қатар Қазақстанның басқа да арнайы жасақ бөлімшелері үздік ондыққа енді. Олардың қатарында ҰҚК-нің "Арыстан" және "SSN Aktau" арнайы жасақтары, Мемлекеттік күзет қызметінің "Сардар" жасағы, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұлан құрамасы бар.

Биылғы жарыстың ерекшелігі – Қазақстан атынан алғаш рет "Томирис" әйелдер командасының қатысуы болды. Оның құрамында конькимен жүгіру спорты бойынша әлемдік рекорд иегері, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, сондай-ақ күштік спорт түрлері бойынша бірнеше дүркін жүлдегерлер бар. Әйелдер командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, ерлер командаларымен тең дәрежеде өнер көрсетті. Нәтижесінде, әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді.

Қазақстандық арнайы жасақ бөлімшелерінің бұл жетістігі – олардың кәсібилігі мен жоғары дайындығының айқын дәлелі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар