жұма, 14 ақпан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“МӘМС-тен мәніс кетті”: Білікті дәрігерлер елден кетіп жатыр

“МӘМС-тен мәніс кетті”: Білікті дәрігерлер елден кетіп жатыр
ашық дереккөз
Ел медицинасындағы МӘМС жүйесі саланы алға жылжытудың орынына жағдайды ушықтырып жатқан көрінеді

МӘМС қарапайым халық үшін тиімді болмай тұр. Бұл туралы белгілі медицина сарапшысы Ғабит Нұрханов "Түскі формат" хабарында баяндады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
 

Айтуынша аталған жүйе әу баста науқастардың сырқатына шипа іздеу үшін ыңғайлы боп, медицинаға қолжетімділікті арттырады деп күтілгенімен, жағдай түзеле қоймаған. Дәрігерлердің де жалақысында өзгеріс жоқ. 
 

- Қазақстанда МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін дәрігерлердің жалақысы көтеріледі, - деп күткен едік. Бірақ жағдай әлі өзгермеді. Келешекте де нәтиже болмайды! Дәрігерлердің табысы төмендеп, медициналық қызметтің сапасы нашарлады. Үкімет бөлген қаржы артса да, бұл ақшаның көп бөлігі дұрыс жұмсалмайды,- дейді сарапшы.

 

Сонымен қатар ол: "Сыйақылардың қысқаруы мен қаржының жетіспеушілігі медицина саласына кері әсерін тигізді. Осыған байланысты көптеген білікті мамандар шетел асуда. Қазіргі МӘМС жүйесі тиімсіз, нәтижесінде халықтың ақшасы далаға кетіп жатыр", - деді.

Еске сала кетейік, МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған. МӘМС үшін жұмыс берушілер қызметкерлерге жалақы есебінен 3 пайыз төлейді.  

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар