Қазақстандық арнайы жасақ командалары жеңіспен оралды
- авторjambylinfo.kz
- 7 ақпан, 2025
- 319

Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен «UAE SWAT Challenge» халықаралық сайысында Қазақстанның намысын қорғаған арнайы жасақ жауынгерлері елге оралды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олар жарыста үздік нәтиже көрсетіп, еліміздің абыройын асқақтатты.
Елорда әуежайында жеңімпаздарды жақындары, әріптестері мен күштік құрылымдардың басшылығы салтанатты түрде қарсы алды. Ішкі істер министрі Ержан Саденов олардың жетістігін жоғары бағалап, бұл жеңістің жеке нәтиже ғана емес, бүкіл елдің абыройы екенін атап өтті.
-Жауынгерлеріміздің жетістігі - бұл жеке жеңістері ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Бұл еліміздің күштік құрылымдарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиімді орындауға әрдайым дайын екендіктерін көрсетеді. Сіздер баршаға өз күштеріңізді, төзімділік пен кәсібиліктеріңізді көрсетіп, әлемдік деңгейде арнайы бөліністердің элитасы арасында еліміздің позициясын нығайттыңыздар, - деді ол өз сезінде.
Бес күнге созылған «арнайы жасақ арасындағы олимпиада» 100-ден астам команданы жинап, әлемнің ең мықты арнайы жасақтарын бақ сынастырды. Қазақстаннан сайысқа 12 команда қатысып, өздерінің жоғары дайындықтарын көрсетті.
Бұл жарыстағы жетістік – еліміздің қауіпсіздік күштерінің кәсібилігін және олардың кез келген жағдайға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз