жұма, 28 наурыз, 2025 18:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тіл үйрену – бірлік пен дамудың кепілі

Тіл үйрену – бірлік пен дамудың кепілі
Фото: ӨКҚ
Жамбыл облысында мемлекеттік тілді дамыту және этнос өкілдеріне қазақ тілін үйрету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді

Бұл туралы облыстық Тілдерді оқыту орталығының директоры Дәурембеков Қуаныш Кәрібайұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазір облыстағы Тілдерді оқыту орталықтарында 40 маман қызмет етіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуда.

2024 жылы мемлекеттік тілді меңгергендердің саны 4052 адамға жетті, оның 81,7%-ын өзге ұлт өкілдері құрайды. Сонымен қатар, 30 адам орыс тілін, 555 адам ағылшын тілін үйренді. Жыл бойы 148 іс-шара ұйымдастырылып, оған 5 мыңға жуық адам қатысты.

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау Қазтест жүйесі арқылы жүзеге асырылып, биыл 172 адам сертификаттық тест тапсырса, 1592 адам диагностикалық тестілеуден өтті.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар нақты шаралар қолға алынды. Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарында тіл үйрету кабинеттері ашылып, тіл мамандарының жалақысы 17%-ға көтерілді. Сонымен қатар, 12 жаңа мұғалім жұмысқа қабылданып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мемлекеттік тіл курстарына тартылуда.

2025 жылы мемлекеттік тіл үйренушілердің санын 4135 адамға жеткізу жоспарланып отыр. Тілді меңгеруге қолайлы жағдай жасау жұмыстары 4 қала мен 39 елді мекенде жалғасады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар