Маңғыстауда тәрбиеші бүлдіршіннің қолын шығарып жіберген: әйелге айыппыұл салып жұмыстан босатты
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 ақпан, 2025
- 225
Әкесі бір жарым жасар қызының қолы ауырғанын байқап, оны ауруханаға апарған. Сол жерде баланың қолы шығып кеткені анықталды, деп хабарлайды - Jambylinfo.kz
Оқиға қаңтардың 17-сі күні болды. Мен жұмыста едім. Жолдасым қызымды балабақшадан алған бойда бейнеқоңырау шалып, қолы шығып кеткен сияқты деді. Мен бірден ауруханаға апар деп, өзім де жедел сонда бардым. Қызымның қолы шыққан. Сүйегі тайып кеткенін айтты , дәрігер орнына салып, таңып берді. 7 жасқа дейін ойнамалы болатынын айтты, — дейді ол.
Алайда, бұл жағдайды баланың тәрбиешісі де, бала күтуші де мойындамай, ештеңе байқамағандарын айтқан. Сондықтан ата-ана сол күнгі бейнежазбаны көрсетуді талап еткен.
Бейнежазбада жерде отырған қызына бала күтушінің ұмтылып, қолынан жұлқып, басқа жерге ығыстырғанын көрген. Екінші рет ұйқыдан тұрған кезде киіндіріп жатып, қолынан тартып қалған. Сол кезде бүлдіршіннің қолы шығып кеткен көрінеді.
Менің қызымды отырған жерінен қолынан тартқан, сол кезде шынтақ сүйегі тайып кеткен. Бірақ жыламайды себебі апайынан қорқатын сияқты. Сол жерде 10-15 минут отырады, қолы ауырғасын. Қызым ұйқыдан бірінші оянды, апайы келе жатса, қайта жата қалады видеода, демек қорқатын болғасын жыламаған болып тұр, — дейді ата-ана.
Венера Жансерікова бір күннің бейнежазбасын толық көріп, жаға ұстатарлық жәйттарға куә болған. Айтуынша, тәрбиеші мен бала күтуші топтағы 15 баланы күн ұзағына телевизордың алдында ұстап, барлығын бір қасықпен тамақтап, шәй-су бермей шөлден қатырған.
Аймақтық білім бөлімі оқиға бойынша тексеру жүргізіп, тәрбиешіні және көмекшісін жұмыстан босатқанын хабарлады.
«Балабақшада тексеру жүргізілді. Тәрбиеші мен көмекшісін жұмыстан босатты. Тәрбиеші сондай-ақ 127-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 10 МРП (39 320 теңге) айыппұл салынды», – деп хабарлады ведомство.