дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық оқушылардың 80%-ның көзі нашар көреді

Қазақстандық оқушылардың 80%-ның көзі нашар көреді
Сурет: aikyn.kz
Отандық офтальмологтар дабыл қағып отыр

Қазір мектептегі балалардың 70-80 пайызының көру қабілеті нашар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Көз дәрігерлерінің айтуынша, қазір ата-аналар балаларын алдыңғы парталарға отырғызуға тырысады. Өйткені балаларының көзі нашар көреді. Мамандар бұл гаджедтердің әсерінен болуы мүмкін екенін алға тартады. Себебі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар электронды құрылғыларға әуес. Осының салдарынан көбінде миопия және амблиопия сырқаттары пайда болады. Бұл – көз кемістігі, затты көзге тақап ұстаудан пайда болады.

Айта кету керек, баланың көру қабілеті туғаннан бастап 6-7 жасқа дейін дамиды. Сондықтан осы уақытта баланың денсаулығына мұқият мән берген жөн.

 
 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар