
Мамыр айында үш мемлекеттік мереке бар.
Бұл айда үш ресми мереке жұмыс күндеріне сәйкес келеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мамыр — демалысқа ең бай айлардың бірі. Биыл мерекелердің ешқайсысы сенбі мен жексенбіге түспейді және оларды ауыстыру жоспары жоқ. Яғни, демалыс күндері өзгеріссіз қалады.
Мерекелік күндер:
• 1 мамыр, бейсенбі — Қазақстан халықтарының бірлігі күні;
• 7 мамыр, сәрсенбі — Отан қорғаушылар күні;
• 9 мамыр, жұма — Жеңіс күні.
Сонымен, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер мамыр айында 12 күн демалады.
Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін бұл айда 7 күн демалыс ұсынылады.