Таразда "AULIEATA BOOK" республикалық кітап фестивалі өтеді
- авторБақытжан Бекболат
- 7 сәуір, 2025
- 148

Фестиваль Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Фестиваль барысында кітап жәрмеңкесі, жаңа кітаптардың тұсаукесері, ақын-жазушылармен кездесулер мен автограф-сессиялар, тренингтер мен ойын-сауық бағдарламалары өтеді. Сондай-ақ, «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абайтану алаңы, «Жыр жалын» поэзия алаңы, балаларға арналған театр қойылымдары ұйымдастырылады.
Қатысушылар танымал баспалардың кітаптарын сатып ала алады, ал фестиваль қонақтары арасында Ерлан Жүніс, Ырысбек Дәбей, Мақсат Мәлік сынды ақын-жазушылар бар.
Фестивальдің екінші күні «Кітап - өмір ұстазы» жас ақындар айтысы және клипмейкинг тақырыбында workshop алаңы өтеді.
Бұл шара Жамбыл облысының мәдени өміріне жаңа серпін беріп, кітап оқу мәдениетін дамытуға зор үлес қосады.
Қызылшарық ауылында наурыз мерекесі тойланды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда "Ғаламдық диалог шеңбері" форумы басталды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 сәуір, 2025