Қазақстандық жауынгер Бекзат Алмахан Хабиб Нурмагомедовтың інісінен жекпе жекте жеңіліп қалды
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2024
- 707
"Ең ірі ММА-промоушндағы дебюттік жекпе-жегінде Алмахан (17-1) UFC жеңіл салмақтағы экс - чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі, жеңілмеген ресейлік жауынгер Умар Нурмагомедовпен (16-0) жұдырық түйістірді", - деп хабарлады спорт сайты.
Жекпе-жек үш раундқа есептеліп, төрешілердің бірауыздан шешімімен Нурмагомедовтың жеңісімен аяқталды. Умар Нурмагомедов кәсіби мансабында он жетінші жеңіске жетті, ал Бекзат Алмахан екінші жеңіліске ұшырап, UFC дебютін сәтсіз аяқтады.
Ресейлік спортшы 5-0 лигасында рекордқа ие. Нурмагомедовтың бұл UFC-дегі бесінші жекпе-жегі.
Жекпе-жекке қазақстандық спортшы, ММА, джиу-джитсу және каратэден 5 дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов пікір білдірді.
"Бекзат Алмахан 1 раундта Умар Нурмагомедовты күтпеген флеш-нокдаунға жіберді, бірақ Умар бойын тез жинап, Бекзатты партерге ауыстырып, жоғарыдан жұмыс істей бастады. Бұдан кейін барлық раундтар Нұрмагомедовтың дегенімен жүзеге асты. Бекзат өзін жақсы қорғап, абыроймен күресті. Жеңілді, бірақ мінезін көрсетті. Оған енді күрес пен қорғануды жақсарту қажет",-деді Айдар Махметов өзінің телеграм арнасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз