дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 14:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Келер жылы Қазақстанда Иранның мәдениет күндері өтеді

Келер жылы Қазақстанда Иранның мәдениет күндері өтеді
Фото - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мен Иран елшілігінің Қазақстандағы мәдениет істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матинмен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz. министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

 Іс-шара барысында қазақстандық тарап 2025 жылы Қазақстанда Иранның мәдениет күндерін, ал 2026 жылы Иранда Қазақстанның мәдениет күндерін өткізуге дайындық барысын талқылағанын министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сондай-ақ, кездесу барысында бірнеше мәселе талқыланып, екі елдің ұлы тұлғаларына ескерткіш орнату ұсыныстары айтылған.

Айта кетейік, Тегеран қаласында 2024 жылдың 11 ақпан күні қазақстандық режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» кинокартинасы «ФАДЖР» халықаралық кинофестивалінде «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» номинациясының жүлдесіне ие болды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар