сәрсенбі, 9 қазан, 2024 6:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның атынан жалғыз офицер әйел Батыс Сахарада бітімгер болып жүр

Қазақстанның атынан жалғыз офицер әйел Батыс Сахарада бітімгер болып жүр
ашық дереккөзі
Қазақстанның атынан жалғыз офицер әйел Батыс Сахарада бітімгер болып жүр
Бұл туралы бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo. Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның 460 бітімгер әскерін Біріккен Ұлттық Ұйымының миссияларына жіберу туралы мәселе талқыланып, ол депутаттар тарапынан қолдау тапты. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Руслан Жақсылықовтан депутаттардың бітімгерлер арасындағы гендерлік теңдік туралы сұрағына жауап бере келе қазір Қазақстан атынан жалғыз офицер әйел Батыс Сахарада қызмет атқарып жүргенін айтты. «Дәл қазір Қазақстанның бітімгерлері арасында жалғыз офицер әйел бар, ол Батыс Сахарада. Енді баратын құрамда (460 әскер) жеті әйел бар. Келесі ротацияда бітімгер әйелдердің санын көбейтеміз», - деді Руслан Жақсылықов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар