сәрсенбі, 23 қазан, 2024 10:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әулиебастау» бұлағында «Крещение Господне» мерекесі тойланды

«Әулиебастау» бұлағында «Крещение Господне» мерекесі тойланды
ашық дереккөзі
«Әулиебастау» бұлағында «Крещение Господне» мерекесі тойланды
«Крещение Господне» мерекесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп азаматтардың жаппай шомылуын өткізу үшін 4 қауіпсіз орын белгіленді, деп хабарлайды Жамбылинфо Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мереке кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 18-19 қаңтарына қараған түні күштер мен құралдардың кезекшілік кестесін бекітті. Төтенше жағдайлар департаменті АСА-20, 5-генератор және 2 жарық діңгегімен дәстүрлі шомылу орындарын жарықтандыруды ұйымдастырды. 18.01.2024 жылғы сағат 22.00-ден бастап шомылу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 61 адам мен 23 бірлік техника тартылды, оның ішінде: ТЖД-32 қызм. және 9 бірлік техника; ПД-21 қызм. және 9 бірлік техника; ДСБ - 8 адам және 5 бірлік техника. 19.01.2024 ж. сағат 9.30-дағы жағдай бойынша шомылу үшін белгіленген орындарға дәстүрлі шомылуға 1208 адам қатысты, оның ішінде: 1) Талас көлі арқылы өтетін көпірдің сол жағалауы, Қызыл жұлдыз ауылының жанында -130 адам.; 2) Аса көлі арқылы өтетін көпірдің жанында, автожол бағытында ЖЖФЗ-0 адам; 3) Қаратау-Жаңатас тас жолының жанындағы «Әулиебастау» бұлағы-1020 адам.; 4) «Ақбұлақ» бұлағы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Смаханұлы көшесінің бойында - 58 адам. 19.01.2024 ж. сағат 10.00-ден бастап 52 адам және 23 бірлік техникадан тұратын күштер мен құралдарды ауыстыру жүзеге асырылды, оның ішінде: ТЖД-23 сотр. және 9 бірлік., ПД-21 қызм. және 9 бірлік техника; ДСБ - 8 адам және 5 бірлік техника. «Крещение Господне» православ мерекесін тойлау кезінде 19.01.2024 ж. сағат 10.00 жағдай бойынша қайғылы жағдайларға жол берілген жоқ.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар