сейсенбі, 1 сәуір, 2025 14:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның топ-5 курорттық аймағы анықталды

Қазақстанның топ-5 курорттық аймағы анықталды
Фото - ашық дереккөз
Еліміздің ең тартымды курорттық өңірлер рейтингінде Алматы тау кластері көш бастап тұр.

Туризм жəне спорт министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық өңірлеріне 3,4 млн турист келді. Қонақ үйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 млрд теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Назарларыңызға туристер арасында ең танымал бес демалыс өңірін ұсынамыз:

5-орын: Балқаш курорттық өңірі
Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс өңірі былтыр 9 айда 120 948 турист қабылдаған.

4-орын: Алакөл курорттық өңірі
Алакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған.

3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңірі
Бұл өңір 275 295 саяхатшыны қабылдаған.

2-орын: Маңғыстау курорттық өңірі
Маңғыстаудың көрікті жері мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған.

1-орын: Алматы тау кластері
Өңірге 1 996 801 турист сапарлаған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар