жұма, 28 наурыз, 2025 17:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әулиеата өңірінде аламан айтыс өтеді

Әулиеата өңірінде аламан айтыс өтеді
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі хабарлады

2025 жылғы 28 ақпанда сағат 13:30-да Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай дәстүрлі «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 ақын қатысып, суырыпсалмалық өнердің көрігін қыздырады. Жыр додасында ақындар ел мен жердің қадірін, ұлттық құндылықтар мен руханиятты, Тараз өңірінің ерекшеліктерін жырға қосады.

Айтыстың қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман төрағалық етеді, ал айтысты жүргізуші ретінде танымал айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай сахна төрінде сөз алады.

Айтыс аясында:
Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтеді;
Ақындар мен қонақтар облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығына экскурсия жасайды;
Көрермендер қазақтың қасиетті өнеріне куә болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар, сондай-ақ «Бауыржан Момышұлы» және «Ұлбике Жангелдіқызы» атындағы арнайы жүлделер табысталады.

Ұлттық өнерімізді бірге дәріптеп, жыр додасының куәсі болуға шақырамыз!

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар