
Бұл туралы "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы АҚ-ның баспасөз қызметі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоба ауылдық туризмді дамытуға, бірегей табиғи көрікті жерлері бар, дәстүр мен қолөнерді сақтаған елді мекендерді анықтауға және оларды ілгерілетуге бағытталған.
Әр облыстың әкімдігі байқауға үш ауылдан ұсынуға мүмкіндік алды. Іріктеу барысында табиғи және мәдени ресурстардың сақталуы, дәстүрлі қызмет түрлерінің болуы ескерілді. Бұл ауылдар нағыз аутентикалық туризмге қызығушылық танытқан саяхатшылар үшін ерекше тартымды орындар бола алады.
Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы:
Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы)
Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)
Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы)
Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер ауданы)
Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы)
Байқаудың ұлттық кезеңінде жеңімпаз атанған бұл ауылдар енді БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) "UN Tourism Best Tourism Village" халықаралық байқауында Қазақстанды таныстырады.
Айта кетейік, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы UNWTO тарапынан ең үздік туристік ауылдардың бірі ретінде танылып, "Best Tourism Villages by UNWTO" мәртебесіне ие болған еді.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз