сенбі, 15 ақпан, 2025 15:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістанда Қазақ-Корей бірлескен университетінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістанда Қазақ-Корей бірлескен университетінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемнің үздік жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

Түркістанда білім саласын дамыту мақсатында Қазақ-Корей бірлескен университетінің ғимараты бой көтеруде. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемнің үздік жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

 Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына барып, жобаның іске асу барысын қадағалады. Ол жауапты басшылар мен мердігер компания өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есептерін тыңдады.

 – Ғимарат биыл аяқталып, оқу жылына толық дайын болуы тиіс. Ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарымен де біраз уақыт кетеді. Сондықтан құрылыс қарқынын төмендетпей, сапалы әрі жүйелі атқарыңыздар, – деген облыс әкімі. Ол 18 қабатты ғимаратты аралап шығып, сапалы құрылыс материалдарын қолдануды тапсырды.

 Қазіргі уақытта ғимараттың сыртын қаптау және терезелерін орнату жұмыстары жүруде. Тамыз айында нысанды тапсыру жоспарланғанымен, жұмысты мамыр айында аяқтау көзделіп отыр. Жұмыс күші жеткілікті, құрылыс қарқыны жоғары.

 Айта кетейік, өткен жылы жауапты министрлік пен Түркістан облысы әкімдігі Кореяның 70 жылдық тарихы бар Woosong университетімен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде оның филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жоғары оқу орнында ІТ және техникалық мамандықтар бойынша білім беріледі. Сондай-ақ, өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуға қажетті мамандарды даярлау жоспарланып отыр.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар