сенбі, 15 ақпан, 2025 15:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Ұлттық басылым күніне орай баспасөз қызметкерлерін құттықтады

Мемлекет басшысы Ұлттық басылым күніне орай баспасөз қызметкерлерін құттықтады
Фото: Aqorda
Ол бұл мерекенің еліміздің өркендеуі мен мемлекеттіліктің нығаюына еңбек сіңіріп жүрген журналистерге деген құрмет екенін айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні болып, ұлттық руханияттың берік қорғаны саналғанын, оның бай тарихы мен ағартушылық дәстүрін мақтан тұтатынын жеткізді. Газет-журналдар ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде маңызды рөл атқаратынын, зиялы қауымның қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікірін негізінен мерзімді баспасөз арқылы білдіретінін атап өтті.

"Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі. Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді.  Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев басылымдар алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асырып, ел бірлігін нығайтуға зор үлес қосатынына сенім білдірді. Ол барша баспасөз қызметкерлеріне шығармашылық шабыт пен табыс тіледі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар