Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың сыршыл ақыны» тақырыбында әдеби элегия №2 «Болашақ арнайы мектеп-интернатында өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шара барысында Тұманбай Молдағалиев турасында «Жүрегі жырдан жаралған» бейнебаяны көрсетіліп, қаламгердің «Ана», «Бауырлар», «Көктем», «Бақытты бол қазағым» өлеңдерін оқушылар жатқа оқыса, сондай-ақ Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы» білімгерлерінің «Жыр-ана» композициясы қойылды.
Шара соңында «Шақырады көктем», «Бақыт құшағында», «Құстар әні» әндері шырқалып, брайль қарпінде басып шығарған Тұманбай Молдағалиевтың «Жүрегім менің сапарда» кітабы сыйға тартылып, арнайы кітапханаға келіп түскен әдебиеттерден жасалған «Лириканың алтын кілті» атты кітап көрмесі ұсынылды.