дүйсенбі, 25 қараша, 2024 7:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қазфосфат» ЖШС өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салады

«Қазфосфат» ЖШС өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салады
ашық дереккөзі
«Қазфосфат» ЖШС өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры Нұрхан Нұрлановпен кездесті.

«Қазфосфат» ЖШС құрамына екі өндірістік зауыт, екі тау-кен байыту кешені кіреді.

«Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде жаңа ұсақтау-сұрыптау кешені және жаңа ұнтақтау қондырғысының құрылысы жоспарлануда. Бұл туралы Нұрхан Нұрланов айтып берді.

Минералды тыңайтқыштар зауытында аммофос өндірісін жылына 500 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін технологиялық желіні қайта жаңғыртудың екінші кезеңі басталмақ.

Сол секілді, НДФЗ-да қуаттылығы жылына 30 мың тонна суда еритін аммофос өндіретін цех салу, сұйық тыңайтқыштар өндірісін жолға қою көзделуде.

Дистрибьюторлық желіні дамыту және экспорттық нарықтарда тікелей сату арқылы сатудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру жоспарлануда.

«Қазфосфат» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 1 шілдеден бастап 15 пайызға артуда.

Компания басшылығы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға атаулы көмек көрсетуге ниетті.

Баспана мәселесі де кезең-кезеңімен шешілетін болады. Компания қызметкерлеріне арналған 72 пәтерлі алғашқы тұрғын үй осы жылдың соңына дейін Қаратау қаласында пайдалануға берілмек. Келесі үй Жаңатас қаласында бой көтермек.

«Эйр Астана» компаниясымен бірлескен жұмыстың арқасында Тараз-Нұр-Сұлтан рейсі ашылса, сондай-ақ Тараз-Алматы рейсі де іске қосылады деп күтілуде.

Кездесуде тараптар «Қазфосфат» ЖШС кадрлық әлеуетін арттыру, соның ішінде Жамбыл облысының техникалық колледждерінде оқитын болашақ мамандарды тартудың маңыздылығын алға тартты.

Аймақ басшысы жергілікті билік қажетті қолдауларды көрсетуге қашан да дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де еске салып өтті.

- «Казфосфат» ЖШС өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғандығы басқа кәсіпорындар үшін үлгі болуы керек. Біз маман тапшылығы мәселелерін шешуге де қолдау көрсетуге дайынбыз. Қажетті мамандарды жергілікті колледждерде оқыту арқылы дайындауға қол ұшын бере аламыз, - деді облыс әкімі.

Кездесу барысында экологиялық қауіпсіздік, әлеуметтік нысандардың құрылысы мәселелері де талқыланды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар