Бердібек Сапарбаев Президент тапсырмаларының орындалуы жөнінде кеңес өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 24 маусым, 2021
- 178
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшыларының қатысуымен өткен кеңесте берілген тапсырмаларды орындау бойынша кеңес өткізді.
Биыл елімізде тарихта тұңғыш рет әкімдерді – ауылдық округтердің басшыларын тікелей сайлау өтеді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау туралы бастама көтеріп, бұл маңызды қадамға мұқият әрі дәйекті түрде қарау керек екенін атап өтті. Нақты елді мекендердің әл-ауқаты осы сайлаудың нәтижелеріне байланысты болмақ, – деді жиынды ашқан облыс әкімі.
Бердібек Сапарбаев жауапты адамдарға барлық сайлау процесіне қатысушылардың заңнаманы сақтауын бақылауды тапсырды.
– Барлық процесс ашық және мөлдір болуы керек. Кездесуде Мемлекет басшысы партиялық бәсекелестікті күшейту туралы айтты. Біздің облыста алты саяси партия өз кандидаттарын таныстырады. Сайлау алдындағы жарыста барлық үміткерлерге бірдей мүмкіндіктер қарастырылып, жергілікті жерлерде штаб құру мәселелеріне барлық жауапкершілікпен қарау керек, – деп кеңеске қатысқан аудан әкімдеріне бейнеконферен байланыс арқылы тапсырма берді.
Аймақ басшысы барлық деңгейдегі әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктелетінін ескерте кетті.
Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындық барысын пысықтап, нақты тапсырмалар берді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Полицейлердің жаңа формасы қандай болады?
Ұқсас жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024