дүйсенбі, 25 қараша, 2024 10:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін мың айдан да қайырлы – Қадір түні

Бүгін мың айдан да қайырлы  – Қадір түні
Көрнекі фото: pexels.com
Бүгін, яғни жұмадан сенбіге қараған түні барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айлардың ұлығы — Рамазан, күндердің ұлығы — жұма болса, түндердің шапағаттысы —Қадір түні саналады. Исламның қасиетті кітабы — Құран Кәрімнің алғашқы сүрелері Рамазан айының 26-нан 27-не қараған түні түскен. Осы кештің қасиеті мың айдан артық делінген аят бар.

Мұсылмандар бұл түнді ұйқысыз өткізіп, он сегіз мың ғаламды, барша адамзатты, бүкіл тіршілікті жаратушы Алладан тілек тілеген. Пайғамбардың (с.ғ.с.) бір хадисінде осы түнге шын иланып сұралған тілек қабыл болады делінген.

Жәннат төрт түрлі мүмінді ерекше күтеді: Біріншісі — осы айда арнайы Құран оқыған адам; екіншісі — ораза кезінде өсек-өтіріктен, дау-жанжалдан аулақ, тіліне сақ болған адам; үшіншісі — аш адамдарға және ораза тұтушыларға тамақ бергендер. Алла Тағала ондай қайырым жасағандарға кәусар суынан ішкізеді. Оны ішкендер ешқашан шөлдемейді және жәннат иесі болады; төртіншісі — Рамазанда арнайы ораза тұтқан адамдар.

 ҚМДБ ақпараты бойынша, 10 сәуірде Ораза айт мерекесі басталады.

ҚАЙРАТ ӘБСАМАТ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар