дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев Нүкенова хал үстінде жатқанда жедел-жәрдемге емес, көріпкелге хабарласқан

Бишімбаев Нүкенова хал үстінде  жатқанда жедел-жәрдемге емес, көріпкелге хабарласқан
коллаж jambylinfo.kz.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаевтің сот процесі жалғасуда. Түс қайта сотта сараптама қорытындылары жарияланды,-деп хабарлайды хабарлайды jambylinfo.kz.

Сотта жәбірленуші тараптың адвокаттары марқұмның басында 12-13 жарақат бар екенін айтса, прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұрады.

«Сіз оны жақсы көрдім дедіңіз, соққы жасалып, ол қайтыс болғанға дейін 6-8 сағат өтті. Сіз оны сүйе тұра, дене жарақатын көрдіңіз. Сіз бұл туралы не айта аласыз? Неліктен жедел жәрдем уақытында шақырылмады?», деп сұрады прокурор.

Бұл сұраққа Бишімбев "бұл менің үлкен қателігім болды" деп жауап берді.

«Бұл бағытта мен ештеңе айта алмаймын.  Байжанов нашатор спиртін әкелді. Бірақ Салтанат оны сезген жоқ. Байжанов "жедел жәрдем" шақыруды ұсынды. Мен 1-1,5 сағат күтейік, кеш келсін" дедім. Мен осы көріпкелдің кешке оянып, демалатын сөздеріне сеніп алдым. Мұным қателік болыпты- деді Бишімбаев.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар