жексенбі, 4 мамыр, 2025 5:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҚО-да тағы бір дрон құлады

БҚО-да тағы бір дрон құлады
Фото: uralskweek.kz
Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі растады

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында тағы бір пилотсыз ұшу аппараты құлағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Тасқала ауданында пилотсыз ұшу аппаратына ұқсас заттың табылуына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Нысан елді мекендерден алыс жерде құлаған. Ол бүтін күйінде табылып, көзге көрінетін зақым анықталған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде", – деп хабарлады полиция.

"Орал апталығы" басылымы Тасқала ауданының тұрғыны ұсынған дронның суретін жариялады. Басылым дерегінше, нысанның ұзындығы 300 см болған.

Бір ай бұрын, 2025 жылғы 18 ақпанда, белгісіз пилотсыз ұшу аппаратын Бөкей ордасы ауданы Уялы ауылының тұрғындары тауып алған еді. Оның ұзындығы 120 см болған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар