Жамбыл облысында ғарыштық мониторинг арқылы 343 заңсыз қоқыс орны анықталған
- авторjambylinfo.kz
- 19 наурыз, 2025
- 235

Жиында өңірде жүзеге асырылып жатқан экологиялық шаралар туралы баяндалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қолға алынып, халықтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында кең көлемді сенбіліктер ұйымдастырылуда.
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыста 371 елді мекенде 163 тұрмыстық қалдықтар полигоны бар, олардың 159-ы коммуналдық меншікте, 4-уі жеке кәсіпкерлердің басқаруында. 2024 жылы 58,7 мың тонна қоқыс жиналып, оның 20%-ы сұрыпталды.
Қалдықтарды шығару қызметін 40 мекеме атқарып, 191 техника жұмылдырылған. Барлығы 4 102 контейнер орнатылған. Қоқыс шығару көпқабатты үйлерде күнделікті, жеке секторда аптасына екі рет жүргізіледі. Ғарыштық мониторинг арқылы 343 заңсыз қоқыс орны анықталып, тазартылды.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапты тұлғаларға айыппұлдар салынды. 2024 жылы абаттандыру қағидаларын бұзған 13 179 дерек тіркелді. «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ» акциялары ұйымдастырылып, 60 тарихи-мәдени нысан, 143 саябақ, 829 шақырым канал тазартылып, 30 875 тонна қоқыс шығарылды, 60 мың көшет отырғызылды.
Акцияның ақпараттық қолдауы күшейтіліп, 99,4 мың материал жарияланды. «Үлгілі ауыл» конкурсында жеңімпаздарға 50 млн теңге көлемінде жүлде берілді. Телеграмм-бот іске қосылып, тұрғындардың экологиялық мәселелер бойынша өтінімдері қабылдануда.
2024 жылы санитарлық тазалыққа 2,4 млрд теңге, көгалдандыруға 1,2 млрд теңге бөлінді. Акция аясында «TazaLike» шаралары өткізіліп, сенбіліктер ұйымдастырылды. Биыл облыс бойынша 195 мың жасыл желек отырғызу жоспарланған. Ағаштарды күтіп-ұстау шаралары да қарастырылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталады
- авторjambylinfo.kz
- 23 наурыз, 2025
Қазақстан елшілігі Түркиядағы азаматтарға үндеу жасады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 23 наурыз, 2025