Жаңалықтар
Балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 11 наурыз, 2021
- 250
Балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауға шақырды
Төтенше жағдайлар департаментінің «112» қызметіне бір тәулікте бірқатар шақырту түсті. Олардың дені үйде құлыптанып қалған балалар мен қарттарды құтқаруға қатысты.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Тараз қаласы, «Қарасу» мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтер ішінде есігін аша алмай отырған 84 жастаға қарт әжеге көмек көрсеткен.
Сондай-ақ, Тараз қаласы, «Қаратау» мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтер ішінде 2 және 3 жастағы балалар құлыптанып қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен есікті ашқан.
Бұдан бөлек, Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтердің есігін ашып, 80 жастағы әжені «103» медициналық жедел жәрдем қызметіне тапсырған.
Облыстық ТЖД осы жағдайларды ескере отырып, тұрғындарды балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауға шақырады.
«Мұндай жағдайлар көбінесе жалғызбасты қариялар мен жас балаларды үйде қараусыз қалдырғандықтан болады. Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ депаратменті қала және облыс тұрғындарына қарт кісілерге әрдайым қамқорлық танытып, жалғыз қалуына жол бермей, балаларды сыртынан құлыптап кетуді доғарып, туыстарға немесе сенім артқан көршілерге тапсырып, қараусыз қалдырмауларыңызды сұрайды», делінген департамент хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала