Синтетикалық есірткі табылды
«Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 41 жастағы Тараз тұрғынын ұстады.
Ер адамнан «мефедрон» (2гр 600мг) және «а-РVР» (1 гр 130 мг) психотроптық синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша изоляторына қамалды.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала