жұма, 13 желтоқсан, 2024 14:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бар періштелер әдемі иісімен күтіп алатындай етіп шығарып салдым" Құрманай Бақтиярқызының тұңғышы жазбасымен елді жылатты

"Бар періштелер әдемі иісімен күтіп алатындай етіп шығарып салдым" Құрманай Бақтиярқызының тұңғышы жазбасымен елді жылатты
Фото - ашық дереккөз
Құрманай Бақтяирқызының тұңғышы Ханшайым желіде анасына жантебірентерлік жазба арнап, елді жылатты

Марқұм Құрманай Бақтиярқызының перзенті Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялады. Ол анасына деген асқан қимастығын білдіріп, басты өкінішін айтты деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Анашым менің,жұмағыммм Аллаһ бере салғаным ,қайтарып өзіне Раббым шақырып алды. Мәңгілік сапарына шығарып салдым
Жарқыраған күн едііі,менің арқа сүйерім еді ғой…Бәрін жүректен шыққан сөздерімен жұбататын…. Бүгін үйден ғұсылын алдырып,сұлуу боп шыққанда қимастық сезім қатты қысты…
Раббыма көп дұға айттым алдынан жарылқашы деп,бар періштелер әдеміі иісімен күтіп алатындай етіп шығарып салдым. Анашыммен жасалған қаншама ниетім бар еді ғой. Меккеге бірге барамыз анашым сенің аяғың да сәждеге маңдайыңда тиді ғой,енді бірге намаз оқиық ,қара тасты бірге ұстап тілек айтамыз деп едік…..((((

Раббыма шексіз сенемін анашым сені Жәннәттық ететініне,Пайғамбарым (с.ғ.с) ның көршісі ететініне,артыңда қалған ұл мен қыздарың тәж кигіземіз иншаАллаһ @kurmanai_bakhtiarkyzy

Анашым,махаббатым,жәннәтім, Жарығым жатқан жерің жарық,қабірің кең болсыншы! Жүрегіме иман салған жүрегіңнің иманы өзіңе серік болсыншы

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар