"Тарайтын кез келді": "Орда" тобы сахнамен қош айтыспақ
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 қараша, 2024
- 276
Топ мүшелері осы жылы соңғы турын өткізіп, келер жылдың ақпан айында қоштасу кешін ұйымдастыратынын жеткізді деп хабарлайды Jambylinfo.kz nur.kz cілтеме жасап.
Әйгілі "Орданың" тарайтынын топ әншісі Дастан Оразбеков хабарлады. Өнер иесі 25 жылдан кейін сахнамен қоштасатын уақыт келгенін алға тартты.
"Осы жылғы тур біздің ортақ соңғы турымыз болмақ. 15 ақпанға үлкен қоштасу кеші жоспарланып отыр. Бұл "Орданың" 25 жылдық қоштасу концерті болады. Меніңше, тарайтын кез келді. Әрқайсымыздың жұмысымыз бар дегендей. Көңілде қимастық бар, әрине", - деді өнер иесі. Алайда Оразбеков "Орда" мүшелері түбегейлі өнерден кетпейтінін жеткізді. "Ешқайсымыз өнерден түбегейлі кетпейміз. Себебі, "Нұрлан Бішкекте "Елес" тобымен өнер көрсетеді. Оның үстіне қолөнері бар. Ерболат продюсерлік жұмысын жалғастырады, үлкен мега жобалары да бар. Есболат сценарист, кино саласына бет бұрып жатыр", - деді ол Revue News бағдарламасында.